Елорда күнімен!

Елорда күнімен!

06 шілде 2019, 12:58
Қазақстан футбол федерациясы барша жанкүйерлерді, елорда тұрғындары мен қала қонақтарын, сонымен қатар, әр қазақстандықты Нұр-Сұлтан қаласының туған күнімен құттықтайды.

2006 жылдан бастап жыл сайын 6 шілде күні еліміздің бас қаласының туған күні тойланып келеді. Бүгін еліміздің әрбір азаматы арман қаланы мақтан тұтады. Елорда күні - елдігімізді ұлықтайтын ерекше мерекеге айналды. Біздің мақтанышымыз, Отанымыздың жүрегі – елордамыздың жұлдызы әрқашан жарық болсын! Бұл – отандастарымыздың ізгі үміттері ақталып, бақыт жолына бастайтын арман қала.

Барша қазақстандықтарға зор денсаулық, мол бақыт және береке-бірлік тілейміз! Елорда күні құтты болсын!

Бөлісу
Жоғары