Футбол орталықтарының қыздары жүлдеге таласты

Футбол орталықтарының қыздары жүлдеге таласты

23 шілде 2019, 19:38
Қыздар арасында алғаш рет футбол орталықтары мен академиялардың командалары сынға түсті. 

Жарысқа 18 команда қатысты. Қазақстан футбол федерациясының бастамасымен «Алға Қазақстан! Вперед футбол!» стратегиясы аясында футбол орталықтары мен академиялар жанында қыздар секциясы ашыла бастады. 

Алғаш рет ұйымдастырылған Қазақстан Чемпионатында шымкенттік «Академии Оңтүстiк» қыздары топ жарды. Екінші орын алматылық «Қайраттың» бұрымдыларына бұйырды. Павлодардың «Ертісі» үшінші орынды иеленді. 

Қостанайдың «Жастар» стадионында өткен жарысты толығырақ бейнерепортаждан көре аласыздар. 

Бөлісу
Жоғары