ҚФФ басшысы Чеферинмен кездесті

ҚФФ басшысы Чеферинмен кездесті

14 тамыз 2019, 17:54
Қазақстан футбол федерациясының Президенті Әділбек Жақсыбеков Стамбулде өтетін УЕФА Суперкубогы қарсаңында УЕФА басшысы Александр Чеферинмен кездесу өткізді. 

ҚФФ басшысы кездесуде бұқаралық футбол, төрешілер, бапкерлерді даярлау және инфрақұрылымды дамыту жоспарларымен бөлісіп, УЕФА жетекшісін қазақстандық футболдың жағдайымен танысып, жақында салынған Футбол үйін аралау үшін Нұр-Сұлтан қаласына шақырды. 

Сонымен қатар, Суперкубок ойыны алдында Әділбек Рыскелдіұлы «Ливерпуль» мен «Челси» тартысын тамашалауға арнайы келген қазақстандық жанкүйер Әли Тұрғанбековпен әңгімелесті. 

Бөлісу
Жоғары