Қазақстан Ұлттық құрамасы Кипрге келді

Қазақстан Ұлттық құрамасы Кипрге келді

05 қыркүйек 2019, 00:55
2020 жылғы Еуропа Чемпионатының іріктеу турниріндегі Кипр - Қазақстан ойыны Никосияда өтеді.

Қазақстан Ұлттық құрамасы Талғарда үш күн оқу-жаттығу жиынын өткізді. Алматы - Ларнака - Никосия бағытымен жеті сағаттай жол жүрді. Қазақстан құрамасының қатарынан тыс қалған ойыншы жоқ.

Ертең матч алдындағы жаттығу жоспарланған. Қазақстан құрамасының жаттығуы елорда уақытымен 22:00-де басталады.

Ал, Кипр - Қазақстан ойыны 6 қыркүйек күні «GSP» стадионында өтеді. Басталуы - 22:00.

Бөлісу
Жоғары