Қазақстан қыздар құрамасы Еуропа Чемпионатының іріктеу турнирінде алғашқы матчын өткізді

Қазақстан қыздар құрамасы Еуропа Чемпионатының іріктеу турнирінде алғашқы матчын өткізді

01 қыркүйек 2019, 18:19
Ойын Шымкент қаласындағы «Намыс» стадионында өтті.

Қазақстан құрамасы жаңа іріктеу турнирінің алғашқы ойынында Сербия қыздарын қабылдайды. Алғашқы таймда Қазақстан құрамасының ойыншылары бірнеше шабуылдар ұйымдастырды. Алайда, есеп аша алмады.

Ең жақсы мүмкіндік жартылай қорғаушы Аида Гайстенова да болды. Сербия қақпашысы Милиса Костич оның соққысын қайтара алды.

Бірінші тайм тең аяқталды – 0:0.

Екінші таймда Сербия футболшылары ойын екпінін күшейте түсті. Кездесудің 58-минутында Сербия шабуылшысы Милиса Миятович біздің қақпашы Оксана Железнякпен бетпе-бет шығып, есеп ашты.

Кездесудің соңына қарай Аллегра Поляк есепті еселеді. Араға үш минут салып ойынға тыңнан қосылған Тияна Матич кездесуге нүкте қойды.

Қорытынды есеп – 0:3. Сербия құрамасы үш ұпайды иеленді.

 

Қазақстан W – Сербия W – 0:3 (0:0)

Голдар: Милиса Миятович 58, Аллегра Поляк 81, Тияна Матич 84

Ескерту: Адиля Вылданова 18, Екатерина Бабшук 69, Ксения Хайруллина 89.

Қазақстан W: Оксана Железняк, Құндыз Қожахмет, Ксения Хайруллина, Аида Гайстенова, Камила Құлмағамбетова (Карина Жұмабайқызы 87), Бегайым Қырғызбаева (к) (Анастасия Власова 65), Адиля Вылданова, Сәуле Кәрібаева, Екатерина Бабшук, Юлия Мясникова, Әйгерім Әйтімова. 

Резерв: Ирина Сандалова, Милана Бурдакова, Мария Демидова, Бибігүл Нұрышева, Александра Бурова, Тоғжан Бекпенбет, Әселхан Тұрлыбекова.

Бас бапкер - Рәзия Нүркенова.

Сербия W: Милиса Костич, Александра Лазаревич (Тияна Матич 25), Деяна Стефанович (Сара Павлович), Мария Илич, Виолетта Слович (к), Невена Дамьянович, Милиса Миятович, Дина Благоевич, Мария Вукович (Тияна Филипович 88), Елена Чанкович, Аллегра Поляк. 

Резерв: Сара Цетинья, Явана Стоянович, Тияна Крстич, Бильяна Брдарич, Тияна Янкович, Николина Плавшич.

Бас бапкер - Предраг Грозданович.

Төрешілер: Ионела Алина Песу, Елена Михаела Тепуса, Даниела Константинеску (барлығы - Румыния).

01.09.2019. Шымкент. «Намыс» стадионы.

Бөлісу

Жаңалықтар

Жоғары