Предраг Грозданович: «Қазақстанның деңгейі жоғары, сол себепті жақсы ойын күтеміз»
- Предраг, 2021 жылғы Еуропа Чемпионатының іріктеу кезеңіне дайындық қалай болды?
- Іріктеу кезеңінің ойындарының маңыздылығы жоғары. Еуропа Чемпионатының финалдық кезеңіне шығуға үміттенеміз. Жоспарға сай дайындық басталды. Оқу-жаттығу жиыны мен жаттығуларды көп өткіземіз. Сонымен қатар, мықты ұлттық құрамалармен жолдастық матчтар ойнаймыз.
- Қазақстанға мықты құрамды әкеле аласыз ба?
- Іріктеу кезеңіндегі алғашқы ойынның жауапкершілігі жоғары екенін жақсы түсінеміз. Біздің құрама Сербиядағы ең жақсы ойыншылардан құралған.
- 2021 жылғы Еуропа Чемпионатының іріктеу кезеңінде Сербия құрамасының алдында қандай мақсат тұр?
- Біздің міндет — іріктеу кезеңіндегі барлық ойынды жоғары деңгейде өткізу. Жақсы ойынның арқасында алға қойылған мақсаттарды орындауға болады. Жақсы нәтижелердің арқасында 2021 жылғы Еуропа Чемпионатының финалына шығуға болады.
- Топтың көшбасшысы кім?
- Топтағы қарсыластың сапасы мен салмағы жоғары. Францияның көшбасшы екені айқын. Алайда, Австрия құрамасы олардан қалыс қалмайды. Қазақстан мен Македония құрамаларын да құрметтейміз. Сонымен қатар, біздің құраманы да көшбасшылардың қатарына қосамын.
- Қазақстан туралы қандай ақпарат жинадыңыз?
- Қазақстанмен өтетін алғашқы ойынға дайындық жоғары. Жаттықтырушылар штабы барлық қарсыластың ойынын саралап, біздің футболшыларды алдағы ойынға дайындады.
- Қазақстан – Сербия матчынан не күтесіз?
- Өз командамнан жақсы ойын мен оң нәтиже күтемін. Қазақстан құрамасының да біліктілігі жоғары. Сол себепті жақсы футбол болады деп ойлаймын.