Қазақстан Президенті Кубогының марапаттау рәсімі өтті
Марапаттау рәсіміне жарысқа қатысушылар мен жанкүйерлер, сонымен қатар, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері шақырылды.
Қазақстан Республикасының Президенті Кубогында үшінші орынды Литва футболшылары иеленді. Тәжікстан құрамасы күміс жүлдені тақты. Ал, Алмас Құлшынбаев жаттықтыратын Қазақстанның бірінші жасөспірімдер құрамасы турнир жеңімпазы атанды.
Қазақстан футбол федерациясының Бас хатшысы Азамат Айтқожин мен ҚР мәдениет және спорт вице-министрі Елдос Рамазанов жеңімпаздарға кубокты табыстады.
Қазақстан Республикасының Президенті Кубогы үшін футболдан жасөспірімдер арасында ХІІ халықаралық турнирінің қорытындысы:
- Қазақстан-1
- Тәжікстан
- Литва
- Қазақстан-2
- Армения
- Қырғыз Республикасы
Турнирдің үздік ойыншылары да марапатталды:
Үздік қақпашы – Темірлан Анарбеков (Қазақстан-2)
Үздік қорғаушы – Александр Широбоков (Қазақстан-1)
Үздік жартылай қорғаушы – Айни Алиджони (Тәжікстан)
Үздік шабуылшы – Юрий Колозян (Армения)
Үздік сұрмерген – Армандас Кучис (Литва, 6 гол)
Үздік ойыншы – Ғалымжан Кенжебек (Қазақстан-1)
Марапттау рәсіміне ҚР Президент Кубогының серіктестері де шақырылды: «Forte Bank», «Хан-Шатыр», «Volkswagen Astana», «Orda Invest», «Copa.kz», «Қазақтелеком».
Шара соңында танымал қазақстандық әнші Ибрагим Ескендір «Көк тудың желбірегені» әнін орындады.