Қазақстан жасөспірімдер құрамасы - 2019 жылғы Қазақстан Президенті Кубогының иегері!

Қазақстан жасөспірімдер құрамасы - 2019 жылғы Қазақстан Президенті Кубогының иегері!

28 тамыз 2019, 19:50
Финалда Алмас Құлшынбаев командасы Тәжікстан құрамасын 3:0 есебімен ұтты.

Қазақстан құрамасы есепті жылдам ашты. Кездесудің жетінші минутында Арсен Азатов айып соққысынан гол соқты. Бірінші таймның соңына қарай Қазақстан құрамасының капитаны Ғалымжан Кенжебек керемет соққысымен есепті еселей түсті. 

Үшінші голды да Ғалымжан Кенжебек  соғып, ойын нүктесін қойды. Ол төреші қосқан қосымша уақытта допты қақпашыдан асыра салды - 3:0.

Қазақстан құрамасы осымен үшінші рет Президент Кубогында топ жарды. 

Матчтың үздік ойыншысы - Қазақстан-1 құрамасының қорғаушысы Асқар Сатышев. Футболшыға ҚР Президенті Кубогының серіктесі «Volkswagen» компаниясының арнайы жүлдесі табысталды.

 

Қазақстан-1 - Тәжікстан - 3:0 (2:0)

Голдар: Арсен Азатов 7, Ғалымжан Кенжебек 41, 90+1;

Пенальтиден мүлт кеткен: Абзал Қалау 86;

Ескерту: Александр Широбоков 24, Вадим Яковлев 30, Арсен Азатов 69, Данияр Дулатов 90+4 - Хукмеддин Шомуродов 21, Аббас Андалибов 29, Рахматшох Рахмадзода 79, Абдурауф Мехрубони 83, Бежан Нишонбойзода 87;

Қазақстан-1: Никита Пивкин, Егор Ткаченко, Александр Широбоков, Арсен Азатов, Асқар Сатышев, Данил Сомов (Дмитрий Филиппов 46), Вадим Яковлев (Диас Құшқынбаев 90+4), Абзал Қалау, Муроджан Халматов,  Ғалымжан Кенжебек (к), Данил Анкудинов (Данияр Дулатов 66); 

Тәжікстан: Сафармад Гафоров, Рахматшох Рахмадзода, Абдурауф Мехрубони, Хукмеддин Шомуродов (Нурсултон Норбойзода 71), Фахреддин Ахматов, Айни Алиджони,  Аббас Андалибов (Муджовид Шовайсудинов 55), Хусрав Тоиров (Хуршед Давлатзода 82), Кабир Салимшоев (Мехрубон Каримов 61, Бежан Нишонбойзода 77),  Абдуфаттохи Худойдодзода (Сунатулло Азизов 68), Мухаммадворис Сайдалиев;

Төрешілер: Нұрлан Ақынжанов, Алексей Долгих, Әлішер Мыңбаев, Рүстем Матякубов (барлығы - Қазақстан).

28.08.2019. Нұр-Сұлтан, Футбол үйі. 300 жанкүйер.

Бөлісу

Жаңалықтар

Жоғары