Адиля Вылданова: «Жанкүйерлерге қуаныш сыйлауға тырысамыз»
- Адиля, ҚР Чемпионатында сұрмергендер көшін бастап келесіз. Маусымның үздік шабуылшысы атану мақсатын алға қойдыңыз ба?
- Мақсат қоймадым. Мен үшін маусым сәтті өтіп жатыр. Жасыл алаңға жиі шығамын және қақпаға соққыны жиі бағыттай бастадым.
- Ел чемпионаты биыл қалай өтіп жатыр?
- Соңғы жылдары ел чемпионатының деңгейі төмен. Турнир кестесінде бәсеке болғанын қалаймын. Ол үшін командалардың санын көбейту керек.
- «БИІК-Қазығұрт» командасы Чемпиондар Лигасын жақсы бастады. Команданың алдына қандай мақсат қойылған?
- Басты мақсат – әрі қарай жарысты жалғастыру. Ең жақсы нәтижеге қол жеткізу, қазақстандықтарды қуанту.
- Чемпиондар Лигасының іріктеу кезеңінің ойындарында есте қалған сәттерді айтып өтсеңіз...
- Жеңіспен аяқталған ойындардан кейін жақсы көңіл-күй болды. Нәтиже көңілге қонымды. Бұл естеліктер мәңгі сақталады.
- Қазақстан – Сербия матчынан не күтесіз?
- 2021 жылғы Еуропа Чемпионатының іріктеу кезеңіндегі алғашқы ойын. Жақсы футбол көрсетуге тырысамыз. Ойынның соңына дейін күресеміз. Ең басты – оң нәтиже.
- Алғашқы қарсылас туралы не айтасыз?
- Сербия құрамасы – жақсы қарсылас. Олардың техникалық шеберлігі жоғары болуы мүмкін. Алайда, кез келген командаға лайықты қарсылық көрсетуге болады. Ойынға толық дайынбыз.
- Осы ойында оң нәтижеге қалай қол жеткізуге болады?
- Командалық ойын арқылы оң нәтиже көрсетуге болады. Сонымен қатар, жеңіске жету үміті де әсер етеді.
- 2021 жылғы Еуропа Чемпионатының іріктеу кезеңінен не күтесіз?
- Турнир кестесінің жоғары орындарына ұмтылу қажет. Ұлттық құраманың жанкүйерлеріне қуаныш сыйлауға тырысамыз