Михал Билек: «Ертең біздің құрама жинақы ойын көрсетеді»

Михал Билек: «Ертең біздің құрама жинақы ойын көрсетеді»

06 қыркүйек 2019, 01:22
Қазақстан Ұлттық құрамасының бас бапкері Михал Билек матч алдындағы баспасөз мәслихатында журналистердің сауалдарына жауап берді:

- Тізімде Меркель мен Муртазаев жоқ. Жарақатына байланысты Зайнутдинов те ұлттық құрамаға көмектесе алмайды. Олардың орнына шақырылған футболшылар ойынға дайын ба? Команданың жағдайына баға бересіз бе?

- Біздің тізімге Қазақстан чемпионатында ойнайтын ең үздік футболшылар енді. Сіздің айтқан ойышылардың қатарына Юрий Логвиненко қосылды. Ол жарақат алып, ұлттық құрамаға қол ұшын бере алмайды. Талғарда жоспар бойынша жаттығу жасадық. Біздің команда ойынға дайын деп ойлаймын.

- Қарсыластың қатарында қауіпті ойын кім?

- Кипр құрамасының іріктеу кезеңіндені барлық ойынын қарап шықтық. Ертең біздің құрама жинақы ойын көрсетеді. Кипр құрамасы кездесулердің нәтижелеріне қарамастан, жақсы ойын көрсетті. Бірнеше тәжірибелі футболшылары бар. Жастары да өсіп келеді. Әсіресе, стандартты жақсы пайдаланады.

- Кипр құрамасы қолайсыз қарсылас. Қорғаныста жақсы ойнайды. Ертең алаңға шығатын шабуылшылар белгілі ме?

- Алдағы ойынға үш футболшы шақырту алды - Щеткин, Айымбетов және Федин. Олардың барлығы нағыз бабында. Абат - қазақстандық шабуылшылар арасында ең үздік сұрмерген. Осы уақытқа дейін жарақатына байланысты көмекте алмаған Алексей Щеткин ойынға дайын. Максим Федин - пайдалы ойыншы. Қазақстанда өз позициясының үздігі. Ертең алаңға шығатын футболшыларды анықтап қойдым. Мәліметті алдын-ала жарияламай-ақ қояйын.

Бөлісу
Жоғары