Қазақстан Ұлттық құрамасы Нұр-Сұлтанда оқу-жаттығу жиынын бастады

Қазақстан Ұлттық құрамасы Нұр-Сұлтанда оқу-жаттығу жиынын бастады

07 қазан 2019, 21:41
Михал Билек командасы елордада жиналып, алғашқы жаттығуын өткізді.

Қазақстан Ұлттық құрамасы 2020 жылғы Еуропа Чемпионатының іріктеу турнирі аясында Кипр және Бельгия құрамаларымен өтетін ойын қарсаңында елордаға жиналып, оқу-жаттығу жиынын бастады.

Алғашқы жаттығуды Қазақстан Кубогының арнайы қонағы болған 11 жастағы Әли Тұрғанбеков тамашалады.

Әли футболдың нағыз жанкүйері. Әлем футболының жұлдыздарымен кездесіп, көптеген танымал еуропалық клубтардың жаттығуларына қатысқан. Биыл ол УЕФА Суперкубогында жеңіске жеткен «Ливерпуль» командасының капитанына кубокты табыс етті. .

Әли маңызды ойындар алдында Ұлттық құрамамен суретке түсті.

Бөлісу
Жоғары