Омбы қаласында меморандумға қол қойылды

Омбы қаласында меморандумға қол қойылды

21 қазан 2019, 10:07
Солтүстік Қазақстан облыстық футбол федерациясы мен Омбы облыстық футбол федерациясының аймақ аралық ынтымақтыстығы аясында 18 қазан күні екі өңір арасында футболды дамыту мақсатында меморандумға қол қойылды. 

Омбы қаласында өткен шарада  меморандумға Омбы облыстық футбол федерациясының басшысы Александр Ивченко және Солтүстік Қазақстан облысының футбол федерациясының атқарушы директоры Жеңіс Асанов қол қойды. 

Сонымен қатар, шараға Қазақстан футбол федерациясының Бұқаралық футбол департаментінің директоры Ерлан Жамантаев, Ресей футбол одағының бас хатшысы Александр Алаев және Омбы облысының жастар істері, дене шынықтыру  және спорт министрі Дмитрий Крикорьянц қатысты. 

Келісімге қол қою екі өңірдің достығын нығайтып, аймақтың футбол жетекшілері мен ойыншылары арасында тәжірибе алмасуға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, балалар мен жасөспірімдер арасында жаңа турнирлер өткізілмек.

Бөлісу
Жоғары