Мұхаммеджан Сейсен: «Македония футболшылары жиі шабуылдады»

Мұхаммеджан Сейсен: «Македония футболшылары жиі шабуылдады»

16 қазан 2019, 11:59
Қазақстан U-21 жастар құрамасының капитаны Мұхаммеджан Сейсен сырт алаңда Македониямен (1:1) өткен ойынға қатысты пікірін білдірді:

- Біз үшін ойын қиынға соқты. Қарымта шабуылда ойнадық. Македония өз алаңында жиі шабуылдауға ұмтылды. Әсіресе, қорғаушылардың артына доп лақтырумен болды. Алайда, біз бір-бірімізге көмектесіп отырдық. Қарсыластың оң қапталында ойнаған Димитар Митровски ұнады. Оның сол аяғы мықты екен. Сонымен қатар, шабуылшы Дарко Чурлиновтің де ойынын атап өткім келеді. Македония футболшылары әр таймда бір-бірден соққы бағыттады. Оларды қайтара алдым. Тек бір-бірге шыққан сәтте гол жіберіп алдым. Алайда, екінші таймда жақсы шабуыл ұйымдастырып, таразы басын теңестірдік.

Бөлісу
Жоғары