Қазақстан футбол федерациясының Атқарушы комитетінің отырысы өтті
Ең алдымен Премьер-лига командалары арасында 2020 жылғы Қазақстан Чемпионатының жарыс тәртібі бекітілді. Сонымен қатар, Бірінші лига командалары арасында Қазақстан Республикасының Біріншілігінің жарыс ережесі қабылданды.
Премьер-лига командалары арасында қазақстандық футболдың түлектері саналмайтын ойыншыларға қатысты мәселе көтерілді. Атқарушы комитеттің мүшелері лимитті өзгеріссіз қалдырды.
ҚФФ мен УЕФА жарыстарына қатысатын ҚР футбол клубтарының сертификация бойынша ережесіне өзгертулер мен толықтырулар енгізілді.
Футзалдан Қазақстан Чемпионатының күнтізбесі, футбол орталықтары мен академиялар туралы ереже бекітіліп, ҚФФ әдеп кодексінің жаңа редакциясы қабылданды.
«Blind Football» жобасын дамытуда ұлттық құрамалармен меморандумға отыру мәселесі оң шешімін тапты.
Қазақстан футбол федерациясының Атқарушы комитетінің мүшелеріне еліміздегі қыздар футболын дамытудың жолдары таныстырылды.
Қазақстан футбол федерациясының кезекті конференциясы 28 қараша күні Нұр-Сұлтан қаласында өткізу туралы шешім қабылданды.