Роберто Мартинес: «Қиындықтар ғана біздің құраманы күштірек етеді»
— Жасанды алаң қаншалықты бас ауыртады?
— Жасыл алаңның жағдайын көріп уайымдай бастадым. Жаңа алаңға бой үйрету қажет. Доптың серпілу бағыты әртүрлі. Біздің ойыншыларың жасанды алаңда ойнамағанына көп уақыт болды. Жол мен уақыт айырмашылығы сынды мәселелерді қабылдауымыз керек. Қиындықтар ғана біздің құраманы күштірек етеді.
— Қазақстанмен ойын туралы не айтасыз? Көшбасшы футболшыларға демалуға мүмкіндік бересіз бе?
— Ұлттық құрама жиі жиналмайды. Сол себепті мүмкіндіктерді барынша пайдалану қажет. Маңызды ойын. Біздің мақсатымыз өзгермейді. Топты бірінші орынмен аяқтауды көздейміз.
—Тибо Куртуа ұлттық құраманың қатарында сенімді ойнап жүр. Алайда, мадридтік «Реалдың» сапында қиындықтарға тап болғандай..
— Тибо Куртуа – 2018 жылғы Әлем Чемпионатының ең үздік қақпашыларының бірі. Футбол – командалық ойын. Сол себепті жеке табыстар қасыңдағы футболшыларға да тікелей тәуелді.
— Топтан бірінші орын алу қаншалықты маңызды?
— Бірінші орын – жеребе тарту рәсімінде рейтингке әсер етеді.
— Қазақстанмен ойында Деннис Прат алаңға шыға ма?
— Ол жақсы ойыншы. Ол үшін ойын емтихан емес, ерекше мүмкіндік деп есептеймін.