Қазақстан құрамасының қарсыластары 7 қарашада анықталады

Қазақстан құрамасының қарсыластары 7 қарашада анықталады

29 қазан 2019, 00:00
Футзалдан 2020 жылғы Әлем Чемпионатының элиталық кезеңіне шыққан командалардың барлығы анықталды. 

Элиталық кезеңге 16 команда қатысады. Ішінде Қазақстан құрамасы бар. Бұл кезеңнің жеребе тарту рәсімі 7 қараша күні өтеді. 

Элиталық кезеңнің ойындары 2020 жылдың 28 қаңтары мен 2 ақпаны аралығында өтеді. 

Қазақстан құрамасының ықтималды қарсыластары: Испания, Финляндия, Словения, Украина, Әзірбайжан, Словакия, Италия, Беларусь, Румыния, Сербия, Франция, Ресей, Хорватия, Португалия, Чехия.

Бөлісу
Жоғары