Тимур Камашев - 50 жаста!

Тимур Камашев - 50 жаста!

14 қараша 2019, 10:30
Қазақстандық спорт журналистикасының тарланы Тимур Камашев бүгін елу жасты еңсеріп отыр.

Мерейтой иесі елімізде «Идём на футбол», «Тотальный футбол» және «Голеадор» бағдарламасының авторы әрі жүргізушісі ретінде кеңінен танымал болды. Тимур Зиядұлы ұзақ жылдар бойы «Хабар» телеарнасының спорт бағдарламаларының продюсері және «Футбольные вести» журналының директоры болып қызмет атқарды.

Семей жерінде дүниеге келген ол ел чемпионатының үш дүркін чемпионы «Елімай» футбол клубында қызмет атқарып, қазақ футболының тарихында алғашқы пресс-атташе атанды.

Қазақстан футбол федерациясының ұжымы мерейтой иесін шын жүректен құттықтап, зор денсаулық, мол бақыт және отбасылық береке-бірлік тілейді!
 

Бөлісу
Жоғары