Қазақстан U-17 жасөспірімдер құрамасы EURO-2020 іріктеу кезеңіне дайындықты бастады

Қазақстан U-17 жасөспірімдер құрамасы EURO-2020 іріктеу кезеңіне дайындықты бастады

08 қараша 2019, 10:41
2020 жылғы Еуропа Чемпионатының іріктеу турниріне дайындық Талғардағы ұлттық құраманың оқу-жаттығу базасында өтеді.

Оқу-жаттығу жиынына бас бапкер Алмас Құлшынбаев 25 футболшыны шақырды. Оның қорытындысы бойынша 20 футболшы Грекияда өтетін іріктеу турниріне қатысады. 

Қазақстан U-17 жасөспірімдер құрамасының құрамы:

Қақпашылар: Никита Пивкин, Темірлан Анарбеков, Сұлтанбек Досаханов (екеуі де – «Қайрат»);
Қорғаушылар: Александр Широбоков, Арсен Азатов, Егор Ткаченко, Сұлтан Асқаров, Асыл Сармантай, Данияр Орда (барлығы – «Қайрат»), Асқар Сатышев («Оңтүстік»);
Жартылай қорғаушылар: Данил Сомов, Жаннұр Көкеев, Роман Чирков, Дмитрий Филиппов, Александр Мрынский, Диас Құшқынбаев (барлығы – «Қайрат»), Муроджон Халматов, Құдайберді Нарқұлов, Мирас Амантаев (барлығы - «Оңтүстік»), Вадим Яковлев («Зимбру», Молдова);
Шабуылшылар: Әлішер Рахымжанов, Ғалымжан Кенжебек, Данияр Дулатов (барлығы – «Қайрат»), Абзал Қалау («Оңтүстік»), Даниил Анкудинов («Марсет», Испания).   

Жаттықтырушылар штабы: Алмас Құлшынбаев – аға бапкер, Рафаэль Оразбахтин – аға бапкердің көмекшісі, Евгений Овчинников – қақпашылардың жаттықтырушысы, Ахматхон Искандаров – дәрігер, Станислав Ведлер – массажист, Болат Адамбеков – менеджер. 

ЕЧ-2020 іріктеу кезеңінің ойын кестесі:
13.11.2019. Германия U-17 – Қазақстан U-17
16.11.2019. Грекия U-17 – Қазақстан U-17
19.11.2019. Қазақстан U-17 – Әзірбайжан U-17 

Бөлісу

Жаңалықтар

Жоғары