Михал Билек: «Шотландия құрамасының футболшылары мықты чемпионаттарда ойнайды»

Михал Билек: «Шотландия құрамасының футболшылары мықты чемпионаттарда ойнайды»

20 қараша 2019, 05:45
Қазақстан Ұлттық құрамасының бас бапкері Михал Билек сырт алаңда Шотландиямен өткен ойыннан кейін журналистердің сауалдарына жауап берді:

- Бірінші таймды жақсы бастадық. Гол соғып, ойынды бақылап отырдық. Үзілістен соң қарсылас таразы басын жылдам теңестірді. Әрі қарай екінші және үшінші голдарын соқты. Екінші таймда Шотландия құрамасының басымдығы байқалды. Шотландия - жақсы қарсылас. Футболшылары мықты чемпионаттарда ойнайды. Бізге ойынның екінші бөлігінде күш пен жылдамдық жетпеді. Допты жоғалтып, қателесе бастадық. Қарсыласымыз сол үшін жазалады. 

Бөлісу
Жоғары