«Білім-Инновация» мектебінің ұстаздары «D» категориясын оқыды

«Білім-Инновация» мектебінің ұстаздары «D» категориясын оқыды

08 қаңтар 2020, 11:21
6 қаңтар күні Нұр-Сұлтан қаласында Қазақстан Футбол федерациясы «Бiлiм-Инновация» мектебінің дене шынықтыру мұғалімдеріне арналған «D UEFA Grassroots Leader Certificate» категориясы бойынша арнайы білім беру курсын өткізді. 

Қазақстанның түкпір-түкпірінен дәріске қатысқан тыңдаушылардың саны - 40. «D UEFA Grassroots Leader Certificate» бағдарламасы теория және тәжірибеден тұрады.  

Семинар қорытындысы бойынша қатысушыларға «D UEFA Grassroots Leader Certificate» сертификаты берілді. Өткен маусымда Қазақстан Футбол федерациясының қызметкерлерінің ұйымдастыруымен еліміздің 18 қаласында «D» категориясы бойынша 3373 ұстаз білім алды. 

Бөлісу
Жоғары