Михал Билек: «Біздің топтағы қарсыластардың деңгейі бірдей»

Михал Билек: «Біздің топтағы қарсыластардың деңгейі бірдей»

04 наурыз 2020, 18:07
Қазақстан Ұлттық құрамасының бас бапкері Михал Билек УЕФА Ұлттар Лигасының жеребесіне қатысты пікір қалдырды: 

– Біздің топтағы қарсыластардың деңгейі шамалас. Беларусь мығым қарсылас, өз алаңындағы ойындарды жақсы өткізеді. Албания - Еуропада қарқынды дамып келе жатқан командалардың бірі. Оның құрамында Италия, Испания, Грекия, Хорватия және Ресей чемпионаттарында ойнайтын футболшылар бар. Литва құрамасының қатарында жұлдызды футболшылар жоқ. Алайда, олар командалық ойынмен ерекшеленеді. Наурыз айында Литва құрамасымен жолдастық матч өткіземіз. Сол ойыннан соң қарсылас туралы толығырақ білетін боламыз. Еуропада осал команда жоқ екенін ұмытпаған абзал. Қарсыласты бағаламауға болмайды. 

- Литвамен өтетін жолдастық ойынның Ұлттар Лигасы алдында маңыздылығы қаншалықты? 

- Литваның наурыз айында Қазақстанға қандай құрамын алып келетінін білмейміз. Олар жас футболшылар мен ұлттық құрамаға үміткерлердің басын қосуы да ықтимал. Сонымен қатар, Ұлттар Лигасына дейін қарсыластың қатарында өзгерістер болуы мүмкін. 

- Қазақстан құрамасының топтан бірінші орын алу мүмкіндігі қандай?

- Мүмкіндік әрқашан болады. Біздің топтағы қарсыластардың деңгейі бірдей. Әр ойынға, әр қарсыласқа мұқият дайындаламыз. 
 

Бөлісу
Жоғары