Видео: Қазақстандық төрешілер мен инспекторлар ойын ережесінің өзгерістерін меңгерді

Видео: Қазақстандық төрешілер мен инспекторлар ойын ережесінің өзгерістерін меңгерді

04 наурыз 2020, 19:30
Елордада отандық төрешілер корпусының өкілдеріне арналған семинар өтті. 

Жиынға Қазақстан Премьер-лигасы, ҚР Кубогы, Бірінші және Екінші лига, сонымен қатар, қыздар мен балалар арасындағы турнирлердің инспекторлары қатысты. 

Инспекторлардың міндеті - ұлттық жарыстардағы төрешілердің деңгейіне баға беру. 

Семинар жұмысына Қазақстан футбол федерациясының бас хатшысы Азамат Айтқожин, ҚФФ Төрешілер комитетінің төрағасы Сейілда Байшақов, сонымен қатар, Қазақстанның кәсіпқой футбол лигасының атқарушы директоры Александр Кеплин қатысты. 

Қазақстан футбол федерациясының Төрелік ету және қадағалау департаментінің жетекшілері ойын ережесіне енгізілген өзгерістерді түсіндірді. 

Бөлісу
Жоғары