«Мәңгілік полк» Халықаралық еске алу вахтасы
Жыл сайын Ұлы Отан соғысының майданында соғысқан жауынгерлердің туыстары мен достары отбасылық альбомдарды ақтарып, сарбаздардың сарғайған суреттерін мақтанышпен қарайды.
Екінші Дүниежүзілік соғысқа 1 миллион 200 мыңға жуық қазақстандық қатысты. Сол жылдары бұл көрсеткіш республика халқының 20 пайызын құрады.
Қазақстаннан майданға аттанған сарбаздардың жартысынан көбі фашистермен шайқаста мерт болды. Көпшілігі хабарсыз кетті немесе соғыстан кейінгі жылдары жарақаттан қайтыс болды. Залым соғыста біздің елдің құрбандарының саны тек ауқымды соғыс қимылдары болған мемлекеттерден кейін тұрды.
Қазақстандықтардың ерліктерінің жарқын көрінісі - республикамыздан бес жүзге жуық жауынгердің Кеңес Одағының Батыры атағына ие болуы. Жоғарыда аталған атаққа тең Даңқ орденінің толық кавалерлері - біздің 150-ге жуық жерлесіміз.
Нацизмге қарсы болған отандастарды еске алу үшін Қазақстан футбол федерациясының командасы Қызыл Армия жауынгерлерінің символдық взводын мәңгілікке қалдыру туралы шешім қабылдады. Олардың ұрпақтары қазіргі таңда сүйікті спорт түрінің дамуына қызмет етеді.
Әкелеріміздің, аталарымыздың және бабаларымыздың жауынгерлік және диверсиялық-барлау жұмыстарына, партизандық қозғалыстарға және жау агенттерін жоюға қатысуының ерекшеліктерін білеміз.
Бүгінгі таңда тарихшылардың Отан қорғаушылар ерлігін жалпылау және цифрландыру бойынша атқарған жұмыстары аяқталған жоқ. Кейбір құжаттар үшін «Құпия» мөртабаны әлі күнге дейін жарамды.
Өкінішке қарай, біздің қызметкерлеріміздің отбасыларындағы кейбір сарбаздар ерлігі әлі күнге дейін көпшілікке жарияланбаған.
Маңызды ақпараттарды табуға көмектескендерге шын жүректен алғыс айтамыз.
Табылған мәліметтер таңғалдырады.
Батырлардың жауынгерлік жолын ашатын бірқатар әңгімелер жақын арада Қазақстан футбол федерациясының ресми сайтында жарияланады.
Батырлардың ерлігі мен ұрыс майданындағы тарихы біздің ұжым жазып жатқан «Естелік кітабының» беттерінде жарияланбақ.