Диакате ойыннан шеттетіліп, «Шахтерге» айыппұл салынды

Диакате ойыннан шеттетіліп, «Шахтерге» айыппұл салынды

03 тамыз 2020, 08:15
Қазақстан футбол федерациясының Тәртіптік-бақылау комитетінің отырысы өтті.

Тәртіптік-бақылау комитетінің отырысында қабылданған шешімдер OLIMPBET-футболдан Қазақстан Чемпионатының үшінші турындағы шымкенттік «Ордабасы» мен қарағандылық «Шахтер» ойынға қатысты болды.

Бес ойыншысы ескерту алғаны үшін «Шахтер» футбол клубына 27 АЕК (277 800 теңге) мөлшерінде айыппұл салынды.

Айыппұл 2020 жылдың 30 тамызына дейін төленуі керек.

Шешім ҚФФ Тәртіп ережесінің 48-бабының 1-тармағына сәйкес қабылданды.

***

«Ордабасы» футбол клубының ойыншысы Абдулла Диакате қарсыласына дөрекілік көрсеткені үшін алдағы екі ойыннан шеттетілді.

Шешім ҚФФ Тәртіп ережесінің 44-бабы 1-тармағының 3-тармақшасына сәйкес қабылданды және 2020 жылдың 2 шілдесінен бастап күшіне енеді.

Бөлісу
Жоғары