Көңіл айту

Көңіл айту

26 шілде 2020, 12:30
Еліміздегі танымал спорт жетекшісі Халимжан Ержанов өмірден өтті.

Халимжан Сағидоллаұлы бүкіл өмірін отандық спортты дамытуға арнап, облыстық және республикалық ұйымдарда әртүрлі қызметте болды.

Халимжан Ержанов қазақстандық кәсіби футбол клубтарының басшылық қызметінде еңбек етті.

Халимжан Сағидоллаұлы мансабын Оралдағы «Нарын» командасынан бастап, Қостанайдың «Тобыл», Павлодардың «Ертіс» пен елордалық «Астана» командаларында қызмет етті.

Оның жұмысының ең сәтті әрі жемісті кезеңі қостанайлық «Тобылмен» байланысты болды.

Оның басшылығымен «Тобыл» ел чемпионатының жүлдегерлерінің қатарында болып, команданың Қазақстан чемпионатындағы жалғыз алтын жүлдесін жеңіп алды. Сонымен қатар, халықаралық аренада жоғары нәтиже көрсетті.

Клубтағы жұмыстарымен қатар, Халимжан Ержанов Қазақстаннң Ұлттық футбол лигасының, сонымен қатар Қостанай қалалық дене шынықтыру және спорт бөлімінің директоры қызметін атқарды.

Еңбек жолының соңғы жылдарында Халимжан Сағидоллаұлы Қостанайдағы Орталық стадионның басшылығында қызмет атқарды.

Халимжан Ержанов өзінің жоғары білімі мен табандылығының, ақылдылығы мен мейірімділігінің арқасында абырой жинап, белсенді өмірлік ұстанымы бар адам ретінде есте қалды.

Қазақстан футбол федерациясы Халимжан Ержановтың мезгілсіз қайтыс болуына байланысты қайғырып, марқұмның отбасы мен туыстарына көңіл айтады.

Бөлісу
Жоғары