Көңіл айту

Көңіл айту

05 шілде, 10:50
80 жасқа қараған шағында қазақ спорт журналистикасының аңызы және атақты комментатор, алматылық «Қайраттың» ардагері Диас Омаров дүниеден өтті.

Отандық спорттың миллиондаған жанкүйерлер ұзақ жылдар бойы Диас Ильясұлының дауысын тыңдап өсті. Оның кәсіби репортаждары әрқашан тың ақпараттармен ерекшеленіп, мыңдаған қазақстандықтардың спортқа деген шынайы махаббат оятты.

Қазақстан футбол федерациясы Диас Омаровтың отбасы мен жақындарына қайғырып көңіл айтады. Оның бейнесі спорт жанкүйерлерінің жүрегінде әрдайым сақталады.

Қазақстан футбол федерациясы

Бөлісу
Жоғары