Футбол және футзалдан қазақстандық ресми жарыстарды қайта жалғастыру мерзімі бекітілді

Футбол және футзалдан қазақстандық ресми жарыстарды қайта жалғастыру мерзімі бекітілді

26 маусым 2020, 18:30
Қазақстан футбол федерациясы мен Қазақстанның кәсіпқой футбол лигасы жарыстарды қайта жалғастыру жөнінде келісімге келді.

ҚФФ, ҚКФЛ және Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт Министрлігінің келісімімен ел чемпионаты 2020 жылдың 1 шілдесінен бастап жалғасады.

Турнир күнтізбесі Қазақстан футбол федерациясының Атқарушы комитетінің мүшелерімен бекітілді. Жаңа күнтізбені келесі сілтемеге өту арқылы көруге болады:

- OLIMPBET-футболдан Қазақстан Чемпионатының күнтізбесі

Бірінші және Екінші лига командалары арасындағы біріншіліктер және ҚР Кубогы 2020 жылдың 1 тамызынан кейін басталады. Сонымен қатар, футзалдан ел чемпионаты, әуесқойлар арасындағы турнирлер, жағажай және әйелдер футболының ұлттық біріншіліктеріне де 1 тамыздан кейін рұқсат берілмек.

Чемпионатты жалғастырудың басты шарты: ойындар кезінде коронавирустың таралуының алдын алу арнайы нұсқауын сақтау.

Еліміздің басты чемпионатын, сонымен қатар, ҚФФ мен ҚКФЛ ұйымдастыратын басқа да жарыстар «Коронавирус індетіне қарсы тұру жөніндегі нұсқаманың» қатаң сақталуы арқылы жүргізілмек.

Ойындар көрермендерсіз өтеді, жарыс кезінде қызмет ететін адамдардың саны шектеулі болады. 

Бөлісу
Жоғары