УЕФА жарысты тамызда қайта жалғастыруды жоспарлап отыр

УЕФА жарысты тамызда қайта жалғастыруды жоспарлап отыр

17 маусым 2020, 21:30
УЕФА Атқарушы комитеті құрлықтық турнирлерді ұйымдастыру және өткізу туралы жаңа шешім қабылдады.

УЕФА Атқарушы комитетінің отырысы бейнеконференция түрінде өтті.

Қабылданған шешімдер ережелерге, форматқа, күнтізбеге және клубтар мен құрама командалар арасындағы УЕФА жарыстарын өткізуге байланысты болды.

Александр ЧЕФЕРИН, УЕФА президенті:

«Мен барлық жарысты қайта бастайтынымызға қуаныштымын. Жанкүйерлердің стадионда болмауы ұзаққа созылмай, жақын арада стадиондардан ойынды тамашалауға рұқсат беріледі деп үміттенемін.

УЕФА бұған дейін 2020 жылғы Еуропа чемпионатын кейінге қалдыру туралы батыл шешім қабылдаған.

Алайда, біз мұны істей отырып, құрлықтағы отандық клубтық турнирлерді қайта жандандыру үшін, мүмкін болған жағдайда оларды соңына дейін ойнау үшін орын босаттық.

Пандемия салдарынан футбол үлкен қиындықтарға тап болды. Туындаған мәселелерге уақытында қарсы тұра алдық деп ойлаймын.

Бұрын-соңды болмаған дағдарыс уақытында футбол қауымдастығы бірлесе жұмыс істеуге ұмтылып, керемет бірлік көрсетті.

ФИФА-ға, басқа конфедерацияларға, ұлттық қауымдастықтарға, клубтарға, лигаларға, футболшыларға және басқару органдарына олардың қажырлы қолдауы мен шешімі үшін алғыс айтқым келеді.

Мен біздің осы дағдарыстан бұрынғыдан да күшті және біртұтас екендігімізге сенімдімін.

Ерлер мен әйелдер арасындағы жарыстарда соңына дейін ойнау өте маңызды. Олардың арасында жастар футболы мен футзал да бар.

Біз олардың маңыздылығы мен жалпы футболдың дамуы үшін маңызды екендігіне сенімдіміз. Барлық жарыстардың финалдық кезеңін өткізуге туралы шешім тапқанымызға қуаныштымын.

Әйелдер футболына, оның ішінде Чемпиондар Лигасына кері әсері тиді. Сондықтан маусымды аяқтау туралы белгі беру маңызды болды.

2021/22 маусымда әйелдер арасындағы Чемпиондар лигасының форматы өзгереді. Алдағы уақытта әйелдер футболына арналған қызықты жобалар ұйымдастырып, қолдау білдіруді көздеп отырмыз.

COVID-19 пандемиясына қарсы қажымай еңбек еткен жүздеген, мыңдаған батырларға шын жүректен ризашылығымды және алғысымды білдіргім келеді. Олардың адалдығы мен батылдығы футболдың тез оралуына мүмкіндік жасады».

УЕФА АТҚАРУШЫ КОМИТЕТІНІҢ ШЕШІМДЕРІ:

УЕФА медициналық хаттамасы және жанкүйерсіз матчтар

УЕФА медициналық хаттамасының негізгі қағидалары бекітілді.

Жарыс қайта басталғаннан кейін алдағы бірнеше аптада УЕФА матчтарының барлық қатысушыларының денсаулығын сақтау және санитарлық-гигиеналық жоспарын орындау үшін егжей-тегжейлі нұсқаулар бекітіледі.

УЕФА Еуропадағы жағдайды жүйелі түрде бағалайды және көрермендердің біртіндеп оралуы қашан басталатынын түсіну үшін жергілікті билікпен байланыста болады.

УЕФА Чемпиондар лигасының 2019/20 маусымы

Ширек финал, жартылай финал және финал ойындары финалдық турнир форматында 2020 жылдың 12-23 тамыз аралығында Португалияның «Эштадиу ду Бенфика»және «Хосе Алваладе» стадиондарында өтеді.

1/8 финалдың қалған матчтары 7/8 тамызда өтеді. Ойындардың қай жерде өтетіні туралы шешім кейінірек қабылданады.

Қажет болған жағдайда, Лиссабон стадиондарынан басқа, Портудағы «Драгау» және Гимарайнштағы «Afonso Enrikues» стадиондары 1/8 финалдың матчтарын қабылдайды.

Ширек финал 12/13/14/15 тамызда, жартылай финал 18/19 тамызда, 23 тамызда «Эштадиу ду Бенфика» стадионында өтеді.

Чемпиондар лигасының 2019/20 маусымының қалған барлық матчтары орта еуропалық уақыт бойынша кешкі сағат 21:00-де басталады.

Чемпиондар лигасының 2019/20 маусымының ширек финалы мен жартылай финалының жеребе тарту рәсімі 2020 жылдың 10 шілдесінде Швейцарияның Ньон қаласында орналасқан УЕФА штаб-пәтерінде өтеді.

Матчтардың нақты кестесі осы жеребеден кейін белгілі болады.

Барлық ширек финал мен жартылай финалда негізгі уақытта тең түскен жағдайда қосымша уақыт беріледі және қажет болған жағдайда пенальти сериясы өтеді.

Осындай ереже сол шешім қабылданған басқа жарыстардың матчтарына да қолданылады.

2020 жылғы финал өтетін Ыстамбұл қаласы (Түркия) УЕФА 2021 Чемпиондар Лигасының финалын қабылдайды.

Келесі финалдың барлық иелері оларды жоспарланғаннан бір жылдан кейін өткізуге келісті.

Осылайша, Санкт-Петербургте (Ресей) финалды 2022 жылы, Мюнхенде (Германия) 2023 жылы, Лондонда (Англияда) 2024 жылы өткізеді.

УЕФА Еуропа лигасының 2019/20 маусымы

Ширек финал, жартылай финал және финал 10-21 тамыз аралығында Германияның Кельн, Дуйсбург, Дюссельдорф және Гельзенкирхен қалаларында плей-офф принципі бойынша финалдық турнир түрінде өтеді.

1/8 финалдың матчтары 5/6 тамызда өтеді және орта еуропалық уақыт бойынша 18:55-те және 21:00-де басталады.

1/8 финалдың қалған матчтарының қайда өтетіні туралы кейінірек нақты шешім қабылданады.

Алғашқы матч кейінге қалдырылған «Интернационал» - «Хетафе» және «Севилья» - «Рома» жұптарында жеңімпаз бір ойында анықталады.

Еуропа Лигасының келесі барлық матчтары финалдық турнир түрінде өтеді.

Ширек финал 10/11 тамызда, жартылай финал 16/17 тамызда, финал 21 тамызда Кельнде өтеді. Барлық матч орта еуропалық уақыт бойынша 21:00-де басталады.

2019/20 жылғы Еуропа Лигасының ширек финалы мен жартылай финалының жеребе тарту рәсімі 2020 жылдың 10 шілдесінде УЕФА-ның Ньондағы штаб-пәтерінде өтеді.

Матчтардың нақты кестесі осы жеребеден кейін белгілі болады.

2020 жылғы финалды қабылдауы тиіс Гданьск қаласы (Польша) УЕФА 2021 Еуропа Лигасының финалын қабылдайды.

Келесі финалдың барлық иелері оларды жоспарланғаннан бір жылдан кейін өткізуге келісті.

Осылайша, Севилья (Испания) финалды 2022 жылы, ал Будапешт (Венгрия) 2023 жылы өткізеді.

УЕФА Әйелдер Чемпиондар лигасының 2019/20 маусымы

Қалған барлық матчтар плей-офф принципіне сәйкес финалдық турнир форматында Бильбаоның «Сан-Мамес» және Сан-Себастьянның «Аноэта» стадиондарында өтеді.

Ширек финал 21 тамызда 18:00-де және 22 тамызда 20:00-де өтеді.

Жартылай финал 25/26 тамызда 20:00-де өтеді. Финал Сан Себастьянда 30 тамызда 20:00-де өтеді. Ойындардың басталуы ортадық еуропалық уақытпен көрсетілген.

26 маусымда Ньон қаласында матчтардың ретін анықтайтын жеребе тасталады. Осыдан кейін ойындардың қорытынды күнтізбесі жасалады.

Әйелдер Чемпиондар лигасының келесі финалыдары бастапқыда жоспарланғандай Гетеборгте (2021, Швеция), Туринде (2022, Италия) және Эйндховенде (2023, Нидерланды) өтеді.

УЕФА клубтық турнирінің 2019/20 жылғы маусымының регламентіне енгізілетін негізгі түзетулер

2019/20 жылғы маусым аяқталғанға дейін (Чемпиондар лигасы мен Еуропа Лигасы үшін 2020 жылдың 3 ақпаны, Әйелдер Чемпиондар лигасы үшін 2020 жылдың 18 наурызы) клубтар «А» тізіміне үш ойыншыны қосуға рұқсат етіледі.

А тізімінде әлі 25 ойыншыдан аспауы керек. Клубтар соңғы өтініш беру кезеңі аяқталғаннан кейін ойыншыларды тіркей алмайды.

Ойын ережелеріндегі уақытша өзгерістерге сәйкес, 2019/20 маусымының қалған барлық матчтарында командалар бес рет ойыншы алмастыра алады.

2020/21 маусымда қайтадан үш ойыншы ауыстыру ережесіне оралады.

УЕФА жасөспірімдер лигасының 2019/20 маусымы

1/8 финалдың қалған матчтары (Интернационале» - «Ренн» тәртіптік ісінің нәтижесіне байланысты) 16 тамызда Ньонда өтеді.

Финалдық турнир 2020 жылдың 18-25 тамыз аралығында Ньон қаласындағы «Коловре» стадионында өтеді.

Ширек финал 18/19 тамызда, жартылай финал 22 тамызда, финал 25 тамызда болады.

УЕФА Суперкубогы - 2020

Алғашқыда Порту қаласында жоспарланған УЕФА Суперкубогы Будапештке ауыстырылды.

Матч 2020 жылдың 24 қыркүйегінде сағат орта еуропалық уақыт бойынша 21:00-де «Пушкаш Аренада» өтеді.

УЕФА Суперкубогының келесі матчтары алдыңғы шешімдерге сәйкес өтеді: Белфаст (2021, Солтүстік Ирландия), Хельсинки (2022, Финляндия) және Қазан (2023, Ресей).

2020/21 жылғы УЕФА клубтық жарыстары

Жаңа күнтізбе УЕФА Чемпиондар Лигасы, УЕФА Еуропа Лигасы, УЕФА Әйелдер Чемпиондар Лигасы және УЕФА жастар лигасының іріктеу кезеңіне әсер етпейді.

Ұлттық қауымдастықтарға қатысушыларды тіркеудің соңғы мерзімі: УЕФА Чемпиондар Лигасы мен УЕФА Еуропа Лигасы үшін 3 тамыз, ал УЕФА Әйелдер Чемпиондар лигасы үшін 10 тамыз.

УЕФА Чемпиондар Лигасы / УЕФА Еуропа Лигасы - 2020/21 жылғы маусым

2019/20 маусымының финалдық ойындарының күндерімен сәйкес келмеуі және қатысушылардың құрамына әсер етпеуі үшін Чемпиондар лигасы мен Еуропа Лигасының іріктеу кезеңдері екі ойыннан тұрмайды. Келесі кезеңнің тағдыры бір ойында шешіледі.

УЕФА Чемпиондар лигасының плей-офф кезеңі жұптасқан матчтар форматында өтеді.

Бір матчтық раундта алаң иелеріе жеребе арқылы анықтайды.

2020/21 маусымға арналған іріктеу және топтық кезеңінің жаңа күнтізбесі:

УЕФА Чемпиондар лигасы 2020/21

Алдын-ала іріктеу кезеңі: 8 және 11 тамыз

Бірінші іріктеу кезеңі: 18/19 тамыз

Екінші іріктеу кезеңі: 25/26 тамыз

Үшінші іріктеу кезеңі: 15/16 қыркүйек

Плей-офф кезеңі: 22/23 қыркүйек және 29/30 қыркүйек

Топтық кезең: 20/21 және 27/28 қазан, 3/4 және 24/25 қараша, 1/2 және 8/9 желтоқсан

УЕФА Еуропа лигасы 2020/21

Алдын-ала іріктеу кезеңі: 20 тамыз

Бірінші іріктеу кезеңі: 27 тамыз

Екінші іріктеу кезеңі: 17 қыркүйек

Үшінші іріктеу кезеңі: 24 қыркүйек

Плей-офф кезеңі: 1 қазан

Топтық кезең: 22 және 29 қазан, 5 және 26 қараша, 3 және 10 желтоқсан

Келесі кезеңдердің кестесі өзгеріссіз қалды.

Чемпиондар лигасы мен Еуропа лигасының 2020/21 маусымының топтық кезеңдерінің жеребелері Афины қаласында (Грекия), Ставрос Ниархос мәдени орталығында 2020 жылдың 1 және 2 қазанында өтеді.

УЕФА Әйелдер Чемпиондар лигасының 2020/21 маусымы

Іріктеу турының шағын турнирлері 7-13 қазан аралығында өтеді.

1/16 финал - 11/12 және 18/19 қараша, 1/8 финал - 3/4 және 10/11 наурыз, ширек финал - 23/24 наурыз және 31 наурыз / 1 сәуір, жартылай финал - 24/25 және 1 сәуір / 2 мамыр.

Финал Гетеборгта 2021 жылы 16 мамырда өтеді.

Іріктеу кезеңіне жеребе тарту қыркүйектің бірінші аптасында Ньондағы УЕФА штаб-пәтерінде өтеді.

2020 жылғы Еуропа чемпионаты

Бастапқыда таңдалған ойындарды қабылдайтын 12 қала 2021 жылдың жазында шешуші турнирді өткізуге дайын екендіктерін растады. Осыған сәйкес жаңартылған кесте бекітілді.

Сатылған билеттердің барлығы 2021 жылғы турнирге жарамды.

Оларды қайтарғысы келетін сатып алушылар 18 маусымнан 25 маусымға дейін euro2020.com/tickets арқылы қайтаруға өтініш білдірудің соңғы мүмкіндігіне ие.

Билеттерді сату күндері кейін жарияланады.

УЕФА Атқарушы комитеті қабылдаушы ассоциацияларға, қалаларға және олардың басшылығына 2020 жылғы Еуропа чемпионатын өткізуді ұйымдастыру жолындағы тұрақты қолдауы мен жауапты көзқарасы үшін ризашылығын білдірді.

УЕФА Ұлттар лигасының іріктеу матчтары және УЕФА Ұлттар лигасының топтық кезеңі 2020/21

Ұлттық құрамалар 2020 жылдың қазан-қараша айларында әдеттегідей екі емес, үш матчтан өткізеді. Кейінге қалдырылған іріктеу матчтарын 8 қазан мен 12 қарашада өткізуге мүмкіндік береді.

Ұлттар лигасының 2020/21 топтық кезеңінің турлары 3/4/5 және 6/7/8 қыркүйек күндері, 10/11 және 13/14 қазан күндері, 14/15 және 17/18 қараша күндері өтеді.

Жолдастық ойындар 7/8 қазан мен 11/12 қарашаға жоспарланған.

Уақыты мен күні көрсетілген толық кесте кейін пайда болады.

Жастар арасындағы Еуропа чемпионаты 2019/21

Финалдық турнирдің жаңа форматы бекітілді. Турнир екіге бөлінеді. Екеуі де құрлықтың жастар чемпионатының иегерлері болып таңдалған Венгрия мен Словенияда өтеді.

Бұрын басталған іріктеу матчтарының финалдық ойындары 2020 жылдың қыркүйек, қазан және қараша айларында өтеді.

Топтық кезеңге тоғыз іріктеу тобының жеңімпаздары және екінші орындардан шыққан бес үздік команда, Венгрия және Словения құрамаларымен бірге шығады. Еуропа чемпиоеаты осы елдерде 2021 жылдың 24 наурызынан 31 наурызына дейін өтеді. Топтық кезеңге өткен 16 команда төрт топқа бөлінеді.

Топтың төрт жеңімпазы және екінші орындардан шыққан ең мықты төрт команда 2021 жылғы 31 мамыр - 6 маусым аралығында финалдық турнирді плей-офф жүйесінде өткізеді.

Ширек финал мен жартылай финал Венгрия мен Словенияда да өтеді. Финалды Любляна қабылдайды.

17 жасқа дейінгі қыздар арасындағы 2019/20 жылғы Еуропа чемпионаты

Элиталық кезең 12 қыркүйектен 20 қыркүйекке дейін жалғасады, ал 4-10 қазан аралығында плей-офф жүйесіндегі сегіз команда үшін шешуші кезең өтеді.

Қорытынды расталған жағдайда, 17 жасқа дейінгі қыздар арасындағы әлем чемпионатына іріктеу кезеңі ретінде қызмет ететін ақтық турнир Швецияда өтеді.

19 жасқа дейінгі жасөспірімдер арасында 2019/20 жылғы Еуропа чемпионаты

Элиталық кезең 31 тамыздан 8 қыркүйекке дейін жалғасады.

Финалдық турнир екі кезеңге бөлінеді.

Екі топтың қатысуымен топтық кезең 8-14 қазан аралығында Солтүстік Ирландияда өтеді.

Топ жеңімпаздары мен екінші орындары шешуші кезеңге шығады.

Үшінші орын алған екі команда 20 жасқа дейінгі жастар арасындағы әлем чемпионатының бесінші жолдамасына таласады.

Барлық плей-офф матчтары 9-18 қараша аралығында Солтүстік Ирландияда өтеді.

Футзалдан УЕФА Чемпиондар лигасының 2019/20 маусымы

Футзалдан Чемпиондар лигасының финалдық турнирі Барселонада (Испания) өтеді.

Жартылай финал, үшінші орын және финал 8-11 қазан аралығында өтеді.

Алғашқыда 2020 жылғы турнирді қабылдауы керек болған Минск (Беларусь) қаласы 2021 жылдың сәуірінде қорытынды кезеңді өткізеді.

Футзалдан Әлем чемпионаты - 2020

Өтпелі матчтары 2020 жылдың 2-11 қарашасына ауыстырылды.

Соңғы кезең 2021 жылдың 12 қыркүйегі мен 3 қазан аралығында өтеді.

Футзалдан Еуропа чемпионаты - 2022

Іріктеу кезеңінің матчтары 2-11 қараша аралығында өтеді.

Топтық кезең және негізгі іріктеу кезеңінің жартылай ойындары 2020 жылғы 6 желтоқсаннан 2021 жылғы 17 қарашаға дейін созылады.

Футзалдан әйелдер арасындағы 2022 жылғы Еуропа чемпионаты

Алдын-ала іріктеу матчтары 2021 жылдың 4 - 9 мамыр аралығында ойналады.

Негізгі тур 2021 жылдың 19-24 қазан аралығында өтеді.

Қорытынды кезең 2022 жылдың 24 наурызынан 27 наурызына дейін өтеді.

Футзалдан 19 жасқа дейінгі 2021 жылғы Еуропа чемпионаты

Финалдық турнир 2021 жылғы 1-7 қараша аралығында өтеді.

2020/21  жылғы Аймақ кубогы өтпейді

19 жасқа дейінгі 2020-22 жылғы Еуропа чемпионаты

Жақында қабылданған формат бойынша командаларды үш лигаларға бөлу, лигалар арасындағы командалық ауысулар және 2022 жылдың жазында сегіз қатысушыға арналған финалдық турнирді енгізу 2021/23 маусымына ауыстырылды.

2021/22 жылғы жарыс бүгінгі күнге дейін қолданылған форматқа сәйкес өткізіледі.

УЕФА Атқару комитеті келесі отырысты ертең, 18 маусымда өткізеді, онда мына мәселелер қаралады.

Бөлісу
Жоғары