Қанат Мұсатаев 50 жасқа толды

Қанат Мұсатаев 50 жасқа толды

06 маусым 2020, 14:30
Қазақстан футболының ардагері Қанат Мұсатаев елуді еңсерді.

Шымкент футбол мектебінің түлегі еліміздің бірқатар отандық клубтары мен Қазақстан ұлттық құрамасының қорғаушысы болды.

Қанат Мұсатаев  «СКИФ-Ордабасы» (Шымкент), «Мұнайшы» (Ақтау), «Шахтёр Испат Кармет» (Қарағанды), «Ертіс» (Павлодар), «Тараз» (Тараз), «Ақтөбе-Ленто» (Ақтөбе), «Қайсар» (Қызылорда) және басқа да командалардың намысын қорғады.

Қазақстан құрамасында 9 матч ойнады.

1994 жылы Қазақстанның ең үздік футболшысы атанды.

Қазақстанның маусым қорытындысы бойынша ең үздік 33 футболшының қатарына бес рет енді.

Қанат Мұсатаев ойын карьерасын аяқтағаннан кейін шымкенттік «Ордабасы» және «Тарлан» футбол клубтарының жаттықтырушылар штабында болды. Сонымен қатар, қарағандылық «Шахтёр» мен «Тараз» футбол клубтарында, Шымкент қаласының «Оңтүстік академиясы» мен Қазақстан футбол федерациясында басшылық қызметті атқарды.

УЕФА-ның «Pro» лицензиясы алған бапкер.

 

Мерейтойлы 50 жасыңыз құтты болсын, Қанат Бектілеуұлы!

Зор денсаулық, мол байлық және аман-саулық тілейміз!

Қазақстан футбол федерациясының ұжымы

 

Бөлісу
Жоғары