Көңіл айту

Көңіл айту

23 мамыр 2020, 14:00
Қазақстан футболының ардагері Жүректес Лейменов дүниеден озды.

Семей футболының түлегі Жүректес Лейменов «Спартак» (Семей) және «Химик» (Степногорск) футбол клубтарының ойыншысы ретінде танымал болды.

1977 жылы «Химик» сапында дене шынықтыру командалары арасында Қазақ КСР командалық біріншілігінде жеңіске жетті.

1992 жылы «Спартактың» құрамында футболдан Қазақстан Чемпионаты мен Кубогының алғашқы ойынына қатысты.

«Елімай» және «Семей» кәсіби футбол клубтарының вице-президенті және атқарушы директоры болды.

Ол Қазақстан футболының инспекторлар корпусының мүшесі болды.

Жүректес Қасенұлы Лейменов 2020 жылы 23 мамырда 64 жасында қайтыс болды.

Қазақстан футбол федерациясы ардагердің кенеттен қайтыс болуына байланысты қайғырып, марқұмның отбасы мен туыстарына көңіл айтады.

Бөлісу
Жоғары