Азамат Айтқожинді туған күнімен құттықтаймыз!

Азамат Айтқожинді туған күнімен құттықтаймыз!

15 мамыр 2020, 00:05
Қазақстан футбол федерациясының Бас хатшысы Азамат Айтқожин бүгін мерейтойлы 45 жасқа толып отыр.

Азамат Серікұлы жиырма жылдай қазақстандық спорттың өркендеуі мен дамуына  елеулі үлес қосып келеді.

Ол Нұр-Сұлтан қаласындағы бірқатар спорт ғимаратының ұжымын басқарып, туризм және спорт департаменті, сонымен қатар дене шынықтыру және спорт басқармасына жетекшілік етті.

Елордалық «Жеңіс» футбол клубын басқарып, Қазақстан Чемпионатының қола жүлдесін жеңіп алды. Оның басшылығымен «Астана» командасы УЕФА Еуропа Лигасында алғашқы ойынын өткізді.

Қазақстанның кәсіпқой футбол лигасының президенті және Қазақстан футбол федерациясының атқарушы директоры болып қызмет атқарды. Қазіргі таңда ұйымның бас хатшысы болып еңбек етеді.

Қазақстан футбол федерациясының ұжымы, ұлттық құрама командалар мен футбол клубтарының ойыншылары мен бапкерлері, отандық төрешілер мен ардагерлер корпусы мерейтой иесін шын жүректен құттықтайды!

Зор денсаулық пен амандық тілейміз! Биік шыңнан көріне беріңіз!

Бөлісу
Жоғары