Қазақстан футбол федерациясының Техникалық орталығы қашықтан жұмыс істеуге көшті

Қазақстан футбол федерациясының Техникалық орталығы қашықтан жұмыс істеуге көшті

16 маусым 2020, 10:10
УЕФА-ның «С» категориясына үміткер бапкерлер қабылдау емтихандарын тапсырады.

Емтихан онлайн-конференция форматында қабылданады. Емтихан комиссиясының құрамына Қазақстан футбол федерациясының Техникалық орталығының директоры Иван Азовский, сонымен қатар нұсқаушылар Станислав Погорелов пен Алексей Шапурин кіреді.

Қабылдау емтихандары 30 маусымға дейін созылады.

Құжаттарды тапсырған үміткерлердің саны - 150.

«Емтиханды сәтті тапсырған бапкерлер білім беру курсы бағдарламасы бойынша дәріс алады. Оларға УЕФА-ның «С» категориясы беріледі. Бұл лицензия арқылы 6-12 жас аралығында футбол мектептерінің резервін даярлауға болады», - дейді Қазақстан футбол федерациясының Техникалық орталығының директоры Иван Азовский.

Білім беру бағдарламасына үміткер бапкерлер келесі нөмір бойынша толығырақ ақпарат алады:

+7 747 755 92 10

 

Бөлісу
Жоғары