Бапкерлер корпусының фитнес жаттығулары

Бапкерлер корпусының фитнес жаттығулары

23 маусым 2020, 15:30
Қазақстан футбол федерациясының Техникалық орталығының өкілдері мен УЕФА-ның дене шынықтыру саласындағы кеңесшілері арасында кездесу өтті.

Форум бейне конференция форматында өтті.

Күн тәртібінде ойыншылардың спорт жаттығуларының жаңа әдістерімен танысу және бұқаралық, жасөспірімдер мен кәсіби футбол саласында айналысатын фитнес бапкерлердің ерекшеліктері сөз болды.

Біздің елден Қазақстан футбол федерациясының Техникалық орталығының директоры Иван Азовский және оның орынбасары Әсет Базеков қатысты.

УЕФА-дан қазіргі жаттығу бағдарламалары туралы фитнес білімін дамыту тобының кеңесшісі Ремигиуз Рзепка ортаға салды.

Сонымен қатар, кездесуде жаттықтырушыларды даярлау сапасын арттыру, осы жағдайда туындайтын проблемалар және жағымды жақтарды қолдану әдістері талқыланды.

«Фитнес тұжырымдамасы спортшыны жан-жақты даярлауды және оның денсаулығын сақтау үшін еңбек етеді. Бұл процессте командалық және жекелей спорт  жаттығулары бар. Семинарда осы бағыттағы жаңа әдістер зерттелді. Жақында оларды оқу бағдарламсына енгіземіз», - дейді ҚФФ Техникалық орталығының директоры Иван Азовский.

«УЕФА қазақстандық жаттықтырушылар құрамының білімін жетілдіруге өз үлесін қосуға ниетті. Қазір алынған ақпаратты талдағаннан кейін біздің мамандар жаңа және қолданыстағы әдістерді тиімді қолдану бойынша ұсыныстар жасайды. Біздің ұлттық қауымдастықтармен ынтымақтастығымыз тұрақты және ұзақ мерзімге жоспарланған», - деді УЕФА кеңесшісі Ремигиуз Рзепка.

 

Бөлісу
Жоғары