Екатерина Красюкованың мерейтойы

Екатерина Красюкованың мерейтойы

20 маусым 2020, 14:30
Халықаралық дәрежедегі спорт шебері және қазақстандық кәсіби футболшы 40 жасқа толды.

Екатерина Красюкова - Қарағанды ​​футбол мектебінің түлегі.

Қорғаушының таланты мен шеберлігін беделді қазақстандық бапкер Юрий Савичев ашты.

Екатерина Красюкова алғаш рет Қарағанды ​​мемлекеттік университетінен шыққан «Гайя» студенттер командасының құрамында ойнады.

1998 жылдан бастап 2013 жылға дейін алматылық «Темір жолы», «Алма-ҚТЖ» және ОБЖСОРМ №2 футбол клубтарының намысын қорғады.

2014 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін Шымкент қаласының «БИІК-Қазығұрт» футбол клубының ойыншысы.

2003 жылы «Алма-ҚТЖ» сапында Екатерина Красюкова УЕФА Әйелдер Чемпиондар лигасында дебют жасады.

2016, 2017 және 2019 жылдары «БИІК-Қазығұрт» командасымен бірге УЕФА Чемпиондар лигасының 1/8 финалына шықты.

Екатерина Красюкованың Қазақстан құрамасы үшін алғашқы ресми матчы 1999 жылы 7 қарашада Филиппинде Гонконг құрамасымен ойында өтті.

Құрлықтық іріктеу аясында өткен кездесуде ел футболы тарихында Қазақстанның әйелдер құрамасының ең үлкен жеңісі тіркелді - (8:0).

Екатерина Красюкованың Ирландия құрамасының қақпасына отыз метр қашықтан соққан голы шетелдік және отандық баспасөздің жоғары бағасына ие болды.

2009 жылдың 24 қыркүйегінде айып соққысынан соғылған гол 2011 жылғы әлем чемпионатының іріктеуіндегі ең керемет сәттердің бірі болды.

Орталық Азия клубтар біріншілігінің екі дүркін жеңімпазы.

Футзалдан әйелдер арасындағы Еуропа кубогының қола жүлдегері.

Silk Way халықаралық кубогының жеңімпазы.

Футболдан ҚР чемпионы және ҚР Кубогының жеңімпазы.

Қазақстан Республикасының халықаралық дәрежедегі спорт шебері.

Мерейтойыңызбен, Екатерина Александровна!

Қазақстан футбол федерациясының ұжымы

Бөлісу
Жоғары