Юрий Буйлов мерейтойы
Юрий Буилов - Алматы футбол мектебінің түлегі.
Қазақ мемлекеттік дене тәрбиесі институтын тәмамдаған.
Ол шеберлер командасында шабуылшы болып ойнады.
1961, 1962, 1964 және 1965, КСРО чемпионаты, «В» класы, «Металлист» ФК (Жамбыл).
1963 ж., КСРО чемпионаты, «В» класы, АДК ФК (Алматы).
Юрий Буилов КСРО чемпионаты мен кубогының матчтарында 25 гол соқты.
Бірнеше рет команданың капитаны болып сайланды.
1966-2000 жылдар аралығында бас жаттықтырушы, Алматы қаласының № 3 орта мектебінің оқу бөлімінің меңгерушісі және директоры болып жұмыс істеді.
2000-2003 жылдары Қазақстан футбол федерациясының бас маманы болып қызмет атқарды.
2003-2004 жылдар аралығында Республикалық жоғары спорт шеберлігі мектебінің оқу бөлімін басқарды.
2005 - 2010 жылдары ЦСКА спорт мектебінің жаттығу бөлімін басқарды.
1974 жылдан бастап 2015 жылға дейінгі кезеңде ол Қазақстанның түрлі чемпионаттарының, балалар мен жасөспірімдер жарыстарының, ардагерлер чемпионаттарының бас төрешісі болды.
1986 - 2012 жж. Аралығында КСРО-ның аймақтық чемпионаттарының матчтарын, футболдан Қазақстан Республикасының чемпионаты мен кубогында инспектор болды (229 ойын).
2008 - 2016 жылдары Алматы футбол федерациясы Атқару комитетінің мүшесі болды.
2005 - 2019 жылдары Алматы футбол федерациясының инспекторлар комитетінің төрағасы болды.
1970 жылы «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталған.
1981 жылы «Қазақ КСР халық ағарту ісінің үздігі» Құрмет белгісімен марапатталған.
1985 жылы «КСРО ағарту ісінің үздігі» медалімен марапатталды.
2010 жылы Қазақстан Республикасы Ұлттық Олимпиада комитетінің Құрмет белгісімен марапатталған.
2014 және 2019 жылдары Алматы футбол федерациясының Құрмет белгісімен марапатталған.
Юрий Буйловтың оқушылары бірнеше рет республикалық, бүкілодақтық және халықаралық байқаулардың жеңімпаздары мен жүлдегерлері болды.
Мерейтойыңызбен, Юрий Павлович!
Зор денсаулық пен қажымас қайрат тілейміз!
Қазақстан футбол федерациясының ұжымы