Қазақстан жастар құрамасының қатарында өзгеріс

Қазақстан жастар құрамасының қатарында өзгеріс

04 қазан 2020, 10:30
Солтүстік Македония және Испания құрамаларымен өтетін ойындарға үш футболшы көмектесе алмайды.

Құрлықтың іріктеу жарыстарына жартылай қорғаушылар Рамазан Оразов, Артём Попов және Дамир Марат қатыспайды.

Үш футболшы да жарақатына байланысты оқу-жаттығу жиынына келе алмады.

Олардың орнына «Астананың» жартылай қорғаушысы Сұлтан Сағнаев пен «Екібастұз» ойыншысы Наурызбек Жагоров шақырылған.

Қазақстан жастар құрамасын Еуропа чемпионатының іріктеу турниріндегі кезекті ойынын өз алаңында 8 қазан күні Солтүстік Македониямен өткізеді.

13 қазандда Алмас Құлшынбаев шәкірттері сырт алаңда Испаниямен ойнайды.

Оқу-жаттығу жиыны Алматыда өтіп жатыр.

Қазақстан футбол федерациясының бас серіктесі - «Самұрық Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ

Бөлісу
Жоғары