Қазақстан құрамасына Щеткин мен Әліп көмектесе алмайды

Қазақстан құрамасына Щеткин мен Әліп көмектесе алмайды

11 қазан 2020, 12:26
Ойыншылар ұлттық құраманың қатарынан шығарылды.

Албания және Беларусь құрамаларымен өтетін ойындарға буын жарақатына байланысты шабуылшы Алексей Щеткин қатыса алмайды.  

Сонымен қатар, ұлттық құрамаға Нұрал Әліп те көмектесе алмайды. Футболшының Албаниямен ойын алдында Covid-19 тапсырған сынағы оң нәтиже көрсетті. Футболшы жылдам оқшауландырылып, дәрігерлердің бақылауына алынды.

Команданың қалған мүшелерінің сынағы теріс нәтиже көрсетті.

Бөлісу
Жоғары