Михал Билек: «Біз өз мүмкіндіктерімізді пайдалана алмадық»

Михал Билек: «Біз өз мүмкіндіктерімізді пайдалана алмадық»

15 қазан 2020, 04:10
Қазақстан ұлттық құрамасының бас жаттықтырушысы Михал Билек Ұлттар лигасындағы Беларусьпен болған ойынның нәтижесі (0:2) туралы матчтан кейінгі баспасөз мәслихатында пікір білдірді.

- Билек мырза, Беларусьпен ойын туралы не айта аласыз?
 
- Біз бірінші таймды нашар өткіздік. Матчтың екінші жартысында допты жиі ұстап, комбинация ұйымдастыруға тырыстық. Гол соғатын сәттер болды. Өкінішке қарай, қарсылас өз мүмкіндігін жақсы пайдаланды. Біз жіберген қателіктерден гол соғылды.
 
- Ұлттық құраманың тәжірибелі ойыншыларының бірі Исламбек Қуат неге қосалқы құрамда қалды?
 
- Оның ойын кестесі өте тығыз болды. Сондықтан басқа ойыншыға мүмкіндік бердім. Екінші таймда Қуат ойынға араласып, орталық алаңда сенімділік пен ұтқырлық беруге тырысты.

 

Қазақстан футбол федерациясының бас серіктесі - «Самұрық Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ

«OLIMPBET» букмекер кеңсесі - футболдан Қазақстан құрамасының серіктесі

Бөлісу
Жоғары