Қазақстан футбол федерациясының Апелляциялық комитетінің отырысы өтті

Қазақстан футбол федерациясының Апелляциялық комитетінің отырысы өтті

19 қазан 2020, 22:00
Комитет отырысында «Қайсар», «Тобыл» және «Жетісу» футбол клубтарының өтініштері қаралды.

Жиын қорытындысы бойынша келесі шешімдер қабылданды:

 

«Қайсар» (Қызылорда) ФК өтініші бойынша:

ҚФФ Тәртіптік ережелерінің 116-бабына және 31-бабына сәйкес, Тәртіптік-бақылау комитетінің 2020 жылғы 6 қазандағы шешімі өзгертілді.

- «Қайсар» ФК ойыншысы Асхат Тағыбергенді 2 матчқа ойыннан шеттетіп, 3 матчты сынақ мерзімінде 3 айға белгілеу.
 
Жазаны қолдану мерзімі 2020 жылдың 29 қыркүйегінен бастап қала береді.


«Тобыл» (Қостанай) ФК өтініші бойынша:

ҚФФ Тәртіптік ережелерінің 116-бабына және 31-бабына сәйкес, Тәртіптік-бақылау комитетінің 2020 жылғы 12 қазандағы шешімі өзгертілді.

- «Тобыл» ФК ойыншысы Сенин Себайды 2 матчқа ойыннан шеттетіп, 3 матчты сынақ мерзімінде 3 айға белгілеу.

 Жазаны қолдану мерзімі 2020 жылдың 12 қазанынан бастап қала береді.
 

«Жетісу» (Талдықорған) ФК өтініші бойынша:

 ҚФФ Тәртіптік ережелерінің 116-бабына және 31-бабына сәйкес, Тәртіптік-бақылау комитетінің 2020 жылғы 12 қазандағы шешімі өзгертілді.

- «Жетісу» ФК ойыншысы Олжас Керімжановты 2 матчқа ойыннан шеттетіп, 3 матчты сынақ мерзімінде 3 айға белгілеу.

 Жазаны қолдану мерзімі 2020 жылдың 12 қазанынан бастап қала береді.

Бөлісу
Жоғары