Қазақстан футбол федерациясының Тәртіптік-бақылау комитетінің отырысы өтті

Қазақстан футбол федерациясының Тәртіптік-бақылау комитетінің отырысы өтті

03 желтоқсан 2020, 23:00
ТБК жиынында OLIMPBET-футболдан Қазақстан чемпионатының ХХІ және ХХІІ турының ойындары қаралды.

OLIMPBET-футболдан Қазақстан чемпионаты

ХХІ тур

«Тобыл» (Қостанай) - «Тараз» (Тараз)

- Қарсыласын айқын гол соғу мүмкіндігінен айырғаны үшін «Тараз» ФК ойыншысы Мақсат Әмірханов бір ойынға шеттетілді.

Шешім ҚФФ Тәртіптік ережесінің 44-бабы 1-тармағының 1-тармақшасына сәйкес қабылданды және 2020 жылдың 28 қарашасында күшіне енді.

 

- Қарсыласына қарсы қысым көрсетіп, ережені қайта бұзғаны үшін «Тараз» ФК спорт директоры Нұртас Кургулин жеті матчқа ойыннан шеттетіліп, 100 АЕК көлемінде айыппұл салынды.

Шешім ҚФФ Тәртіптік ережесінің 53-бабына сәйкес қабылданып, 2020 жылдың 28 қарашасында күшіне енді.

Айыппұлды төлеу мерзімі - 2021 жылдың 2 қаңтарына дейін.

 

Каспий (Ақтау) - Шахтер (Қарағанды)

Ойында қарсыласына қысым көрсетіп, өрескел ойын ережесін бұзғаны үшін «Каспий» ФК ойыншысы Руслан Жанысбаев екі матчқа шеттетілді.

Шешім ҚФФ Тәртіптік ережесінің 44-бабы 1-тармағының 2-тармақшасына сәйкес қабылданып, 2020 жылдың 28 қарашасында күшіне енді.

 

ХХІІ тур

«Оқжетпес» (Көкшетау) - «Ордабасы» (Шымкент)

Қарсыласын айқын гол соғу мүмкіндігінен айырғаны үшін «Оқжетпес» ФК ойыншысы Алия Абубакар бір матчқа шеттетілді.

Шешім ҚФФ Тәртіптік ережесінің 44-бабы 1-тармағының 1-тармақшасына сәйкес қабылданып, 2020 жылдың 1 желтоқсанында күшіне енді.

Бөлісу

Жаңалықтар

30 қар., 20:30
Жоғары