ҚФФ білім беру жобаларының инновациясы УЕФА-да жоғары бағаланды

ҚФФ білім беру жобаларының инновациясы УЕФА-да жоғары бағаланды

15 желтоқсан 2020, 17:30
Бапкерлерге PRO лицензиясы бойынша білім беру бағдарламасының алғашқы сабағы өтті.

Онлайн-конференция форматындағы дәріс 14-16 желтоқсан күндеріне жоспарланған.

ҚФФ басшылығы білім беру бағдарламасын мұқият қадағалап келеді.

Білім беру бағдарламасы 12 модульден тұрады және УЕФА-ның бапкерлерге арналған Конвенциясына толықтай сай келеді.

PRO санатының бапкерлері Премьер-Лига мен Бірінші Лиган футбол клубтары мен ұлттық құрамаларда бас бапкер болып қызмет атқарады.

Басқосуға қатысушылар ҚФФ Техникалық орталығының нұсқаушысы болған, белгілі қазақстандық футбол ардагері Александр Шатскихтің мезгілсіз қайтыс болуына байланысты бір минут үнсіздікпен еске алды.

Дәріс оқитындардың қатарында УЕФА нұсқаушысы Геннадий Скуртул, ҚФФ бас нұсқаушысы Станислав Погорелов, ҚФФ Техникалық орталығының тәлімгерлері Виктор Семенов, Евгений Свешников, Иван Азовский және Игорь Шпанера болды.

«Бапкерлердің жұмысы үнемі дамуды қажет етеді. Жаңа білімді игеру мен тәжірибе алмасудан тұрады. Әрине, қазақстандық жаттықтырушылар корпусы да уақытылы кәсіби дамуды қажет етеді. Қиын жағдайға қарамастан жаттығу алаңдарында да бос уақыт болмауы тиіс. Сол себепті Қазақстан футбол федерациясы мен УЕФА бапкерлерге арналған қашықтан білім беру бағдарламасын әзірледі. Техникалық орталықтың оқушылары осы мүмкіндікті пайдаланады», - деп атап өтті ҚФФ Бас хатшысы Азамат Айтқожин.

«ҚФФ басшылығының жаттықтырушылардың білімін жалғастыруға мүдделі болып қана қоймай, оны іс жүзінде жаңартуға тырысып жатқанына қуаныштымын. УЕФА дамудың жаңа деңгейіне шығар жолды кеңейтуде қолдау көрсететін ҚФФ бастамаларын жоғары бағалады. Қазақстанда өткен A Elite Youth және PRO жоғары кәсіби санатындағы инновациялық ұйымды оқыту модульдерін үлгі ретінде келтіруге болады. Бір айта кетерлігі, ҚФФ Еуропада алғашқылардың бірі болып жаттықтырушыларды даярлауды қайта бастады», - деді УЕФА-ның Техникалық даму департаментінің басшысы Франк Людорф.

Бөлісу

Жаңалықтар

Жоғары