«БИІК-Қазығұрт» командасы УЕФА Чемпиондар лигасында алғашқы ойынын өткізеді

«БИІК-Қазығұрт» командасы УЕФА Чемпиондар лигасында алғашқы ойынын өткізеді

09 желтоқсан 2020, 11:00
Бүгін Қазақстан чемпионы Украинаның «Жилстрой-2» командасымен сырт алаңда ойнайды.

Соңғы жылдары Еуропа жарыстарында жоғары нәтиже көрсетіп жүрген «БИІК-Қазығұрт» командасы іріктеу кезеңіне қатыспай, Чемпиондар Лигасын 1/16 финалдан бастайды.

Жеребе қорытындысы боыйынша шымкенттік команданың алғашқы қарсыласы Украинаның Харьков қаласының «Жилстрой-2» командасы болып отыр.

Өткен маусымда «Жилстрой-2» командасының намысын қорғаған Қазақстан ұлттық құрамасының жартылай қорғаушысы Ксения Хайрулина жақында ғана «БИІК-Қазығұрт» командасына ауысты.

Екі команда арасындағы кездесу бүгін, 9 желтоқсан күні өтеді. Тікелей көрсетілім Нұр-Сұлтан уақытымен 17:00-де басталады.

Украиналық қарсыластарымен кездесу қарсаңында қазақстандық футбол клубы Түркияға барып, оқу-жаттығу жиынын жүргізді.

«БИІК-Қазығұрт» қазақстандық әйелдер футболының көшбасшысы және халықаралық деңгейде өте танымал.  

Заманауи инфрақұрылым салып, нәтижелі жұмыс жүргізген клуб басшылығының еңбегі - табыстың қайнар көзі. «БИІК-Қазығұрт» жас футболшыларды тәрбиелеуде де көп жұмыс атқарып келеді.

«БИІК-Қазығұрттың» бүгінгі қарсыластарына тоқталсақ, Украинада әйелдер футболы қарыштап дамып келеді. Олар әрқашан лайықты қарсылық көрсетуге дайын. Сол себепті ойынның қызықты өтетініне кәміл сенемін.

Қазақстандық команда үшін жаңа маусымдағы алғашқы халықаралық кездесу болмақ. Сол себерті беделі жоғары «БИІК-Қазығұрт» ойыншылары мен жаттықтырушылар құрамының өздеріне жүктелген міндетті абыроймен атқарады деп үмітенеміз.

Алдағы ойында нәтижелі шабуылдар мен сәттілік серік болсын! Біз командаға сенеміз!»

Қазақстан футбол федерациясының бас хатшысы Азамат Айтқожин

Бөлісу
Жоғары