Қазақстан құрамасы Киевке қонды

Қазақстан құрамасы Киевке қонды

29 наурыз 2021, 23:24
Қазақстан ұлттық құрамасы Әлем чемпионатының іріктеу кезеңі аясындағы ойынға Нұр-Сұлтан – Киев бағытымен Украина астанасына келді.

Киевтегі жерлестеріміз біздің команданы ыстық ықыласпен күтіп алды.

Ертең жергілікті уақытпен сағат 19:00-де (Нұр-Сұлтан уақытымен 22:00-де) Қазақстан құрамасының ойыншысы мен бас бапкерінің баспасөз мәслихаты өтеді. Сонымен қатар, 19:30-да «Олимпийский» стадионында ойын алды жаттығу жоспарланған.

Украина – Қазақстан арасындағы матч 31 наурыздан 1 сәуірге қараған түні сағат 00:45-те басталады. Ойынды тікелей эфирде «Qazsport» арнасы көрсетеді.

Бөлісу
Жоғары