Қазақстан жастар құрамасының Бельгияға қарсы ойынға арналған құрамы

Қазақстан жастар құрамасының Бельгияға қарсы ойынға арналған құрамы

25 мамыр 2021, 10:51
Қазақстан U-21 жастар құрамасының аға жаттықтырушысы Қайрат Нұрдәулетов Ақтөбеде өтетін 2023 жылғы Еуропа чемпионатының іріктеу кезеңі аясында болатын Бельгия командасына қарсы ойынына шақырылған ойыншылардың тізімін жариялады.

Оқу-жаттығу жиыны 31 мамырда Ақтөбеде басталады. Шақырылған футболшылардың саны – 24.

Қақпашылар: Данил Устименко («Қайрат»), Вадим Петров («Қызыл-Жар»), Евгений Ситдиков («Ақтөбе»);

Қорғаушылар: Дінмұхамед Қашкен, Әлішер Әжімов (екеуі де – «Ақтөбе»), Александр Широбоков («Қайрат»), Әділбек Жұмаханов («Атырау»), Лев Скворцов, Сағи Совет (екеуі де – «Астана»), Жалғас Жақсылықов («Тараз»), Тайыр Нұрсейітов («Шахтер»);

Жартылай қорғаушылар: Сұлтан Сағынаев («Астана»), Жасұлан Қайыркенов («Атырау»), Андрей Ульшин, Данияр Үсенов (екеуі де – «Қайрат»), Эльхан Астанов («Ордабасы»), Арман Кеңесов («Қайсар»), Дінмұхамед Қараман («Тараз»), Максим Ваганов («Мақтаарал»), Вячеслав Швырев («Ақжайық»), Максим Самородов («Ақтөбе»);

Шабуылшылар: Абылайхан Жұмабек («Тараз»), Мирас Тұрлыбек («Ақсу»).

Қосалқы құрам: Максим Скорых («Қызыл-Жар»), Еркебұлан Сейдахмет, Арсен Буранчиев (екеуі де – «Қайрат»), Әлияр Мұхамед («Тұран»), Владислав Прокопенко («Астана»).

Жаттықтырушылар штабы: Қайрат Нұрдәулетов – аға жаттықтырушы, Асқар Ыдырысов – аға жаттықтырушының көмекшісі, Юрий Новиков – қақпашылардың жаттықтырушысы, Ахматхон Искандаров – дәрігер, Қайратәли Күнходжаев – массажист, Дінмұхамед Оралов – менеджер, Павел Лаптев – бейнеоператор;

Еске сала кетейік, 4 маусымда Қазақстан жастар құрамасы Бельгия командасымен кездеседі. Ойын Ақтөбе қаласындағы Қобыланды батыр атындағы Орталық стадионында өтеді. Басталуы – елорда уақытымен сағат 19:00-де.

Қазақстан футбол федерациясының бас серіктесі – «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ

«OLIMPBET» букмекер кеңсесі – Қазақстан құрамасының ресми серіктесі

Бөлісу
Жоғары