Футзалдан Қазақстан құрамасының Әлем Чемпионатындағы қарсыластары анықталды

Футзалдан Қазақстан құрамасының Әлем Чемпионатындағы қарсыластары анықталды

01 маусым 2021, 22:44
2021 жылғы Әлем Чемпионаты 12 қыркүйек пен 3 қазан аралығында Литвада өтеді. 

Бүгін ФИФА жеребе тарту рәсімін жүргізді. Оның қорытындысы бойынша Қазақстан ұлттық құрамасы А тобына түсті. Қарсыластары - Литва, Коста-Рика және Венесуэла. 

Қазақстан құрамасы төрткүл дүние додасына үшінші мәрте қатыспақ. Бұған дейін біздің футзалшылар Гватемала мен Колумбияда өткен әлем біріншіліктеріне қатысқан еді. 

 

Бөлісу
Жоғары