Біріншіліктегі алғашқы әйел төреші

Біріншіліктегі алғашқы әйел төреші

04 шілде 2021, 11:35
Қазақстан футболында тарихи оқиға орын алды. Олимпбет-Қазақстан футбол чемпионатының 19 тур ойыны «Жетісу» мен «Қызыл-Жар» арасындағы ойынды әйел төреші Эльвира Нұрмустафина қызмет етті.

Өз саласының нағыз маманы Эльвира Нұрмустафина 2013 жылдан бастап әйелдер командалары арасындағы Еуропалық клубтық турнирлердегі матчтарға, ал 2017 жылдан бастап Бірінші лигадағы клубтар арасындағы Қазақстан Чемпионатындағы ерлер командаларындағы кездесулерге тұрақты түрде тағайындалды.

2019 жылы ол ФИФА төрешілерінің бірінші санатына енгізілді, бұл оған Еуропадағы әйелдер клубтарының жарыстары мен ұлттық құрамаларының ойындарында жұмыс істеуге мүмкіндік берді.

Ойын алдында «Қызыл-Жар» командасы Эльвираны жоғарғы лигадағы дебютімен құттықтап, гүл шоғын сыйлады. Біз петропавлдық клубқа, атап айтқанда, команда капитаны Мирослав Лобанцевке әдемі және мырзалық әрекеті үшін алғыс айтамыз.

Бөлісу
Жоғары