ҚФФ және QAZSPORT жолдастық кездесу өткізді

ҚФФ және QAZSPORT жолдастық кездесу өткізді

24 маусым 2021, 20:52
БАҚ қызметкерлері күні қарсаңында Қазақстан футбол федерациясы мен QAZSPORT телеарнасының комментаторлары арасында жолдастық кездесу өтті.

Федерация командасының құрамында Талғат Байсуфинов, Қайрат Нұрдаулетов, Игорь Авдеев, Игорь Свечников, Сергей Калюбин және тағы да басқа федерация қызметкерлері ойнаса, QAZSPORT арнасында Амангелді Сейітхан, Есей Жеңісұлы, Ермұхамед Мәулен, Ербол Қайыров, Ерсін Ерік секілді танымал комментаторлар өнер көрсетті.

ҚФФ командасы 7:3 есебімен жеңіске жетті.

Ойын біткен соң Қазақстан футбол федерациясының бас хатшысы Азамат Айтқожин комментаторларды келе жатқан кәсіби мерекесімен құттықтап, естелік сыйлық табыс етті.

Бөлісу
Жоғары