Қазақстан футбол федерациясының президенті Әділбек Жақсыбеков «Шахтер» ұжымын құттықтады

Қазақстан футбол федерациясының президенті Әділбек Жақсыбеков «Шахтер» ұжымын құттықтады

10 тамыз 2021, 23:10
Қарағандылық футболшылар УЕФА Конференция Лигасының үшінші айналымында украиналық «Колостан» басым түсті.

Бүгін қазақ жанкүйерлері кеншілердің керемет жетістігіне куә болды!

Қарағанды футболшылары Украинаның «Колос» командасын жарыс жолынан шығарып, Қазақ футболының өзгелерден кем емес екенін көрсетті.

«Шахтердің» еңбегі мен Шацкийдің ерлігі ел футболына Еуропа Конференциясының плей-офф кезеңін сыйға тартты.

Еурокубок додасында ел намысын қорғайтын «Қайрат», «Астана» және «Тобыл» футболшылары да кеншілердің жетісігін жалғастырады деп үміттенемін!

Алға, Қазақ футболы!
 

Қазақстан футбол федерациясының президенті Әділбек Жақсыбеков

Бөлісу
Жоғары