Қазақстан – Украина матчына аккредитацияға өтініш қабылдау басталды

Қазақстан – Украина матчына аккредитацияға өтініш қабылдау басталды

22 тамыз 2021, 14:19
Қазақстан футбол федерациясының баспасөз қызметі 2022 жылғы Әлем чемпионатының іріктеу турнирінде Қазақстан құрамасының Украинаға қарсы өтетін ойынына аккредитация алу үшін өтініштер қабылдайды.

Қазақстан мен Украина құрамалары арасындағы кездесу 1 қыркүйек күні өтеді. Ойын «Астана Арена» стадионында Нұр-Сұлтан уақытымен 20:00-де басталады.

БАҚ өкілдерін тіркеу мерзімі 2021 жылдың 27 тамызы сағат 12:00-ге дейін жалғасады. Аккредитацияларды 31 тамыз күнгі баспасөз маслихатында алуға болады.

Аккредитация алу үшін журналистің аты-жөні, жеке куәлігі мен байланыс нөмірі жазылған, бұқаралық ақпарат құралы жетекшісінің қолы мен мөрі қойылған ұсынымды (ресми бланк) баспасөз қызметінің электронды поштасына press@kff.kz жіберу керек. Сонымен қатар, матча жұмыс істейтін БАҚ өкілдерінің қызметі (журналист, фотограф, тв, радио) көрсетілуі тиіс.

Жоғарыда көрсетілген талаптарға сәйкес келмейтін және көрсетілген мерзімнен кейін жіберілген өтініштер қабылданбайды.

Назар аударыңыздар! Пандемияға байланысты журналистерге берілген орындар саны шектеулі. БАҚ үшін аккредитация саны – 1 (корреспондент/фотограф/бейнеоператор).

Бөлісу
Жоғары