Әділбек Жақсыбеков «Қайрат» клубын топтық кезеңге өткенімен құттықтады

Әділбек Жақсыбеков «Қайрат» клубын топтық кезеңге өткенімен құттықтады

26 тамыз 2021, 22:11
Қазақстан футбол федерациясының президенті Әділбек Жақсыбеков «Қайрат» футбол клубын Конференция лигасының топтық кезеңіне шыққанымен құттықтады.

«Қайрат» футбол клубы Конференция лигасының топтық кезеңіне шығып, ел футболының абыройын асқақтатты. Клубтың бұл турнирде жолы болып, топтық кезеңнің өзінде де жақсы нәтиже көрсете алатын қауқары бар. Іріктеуден іркілмей өтіп, сайыстың негізгі бөлігіне шыққаны тек Алматылық жанкүйерлердің ғана емес, күллі қазақ жанкүйерлерінің қуанышы десек артық емес», – деді Әділбек Жақсыбеков.

Айта кетейік, «Қайрат» өз алаңында «Фола» командасын жеңіп, топтық кезеңге жолдама алды.

Бөлісу
Жоғары